Қазақстан Еңбек Конфедерациясының 3-ші съезі болып өтті
Ағымдағы жылдың 19 қыркүйекте Қазақстан Еңбек Конфедерациясының 3-ші съезі болып өтті. Бұл жиынға БКП бас хатшының орынбасары Усова Маргарита Ильиничина, БКП департаментінің жетекшісі Кляшторин Александр Алексеевич, БКП басқару жұмыстарының жетекшісі Захаров Артем Игоревич,
Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басқарма басшысы Бағлан Берікұлы Қасенов, «Аманат» кәсіподақтар достастығының төрағасы Пригорь Андрей Игоревич, «Қазкөміркәсіподағы» салалық ұйымының төрағасы Миргаязов Марат Вакифович сияқты кәсіподақ белсенділері жайлы орынға жайғасты. Сонымен қатар Қазақстан Еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Рахматуллаұлы Машкенов, бас хатшының орынбасары Бахыт Қаппарұлы Қаппаров, «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестінің төрағасы Қайрат Қаратаев келелі кеңестің төрінен орын алды. Алқалы жиынға салалық кәсіподақтың жетекшілері де арнайы шақырылған болатын. «Ұлағат» кәсіподағынан – Лидия Оралбаева, Мирамгүл Қосаяқова, Роза Тастанбекова, Асан Омашев, Әлия Жамбеисова, Ольга Саак. «КәсіпҚорған» кәсіподағынан – Уәлихан Нұржанов, Максим Аблин, Жанар Салықова, Гүлжамила Амандилля. «Демеу» кәсіподағынан – Тоққожап Естенов, Сайран Смагұлов, Айдар Маралов, Үміт Молдаханов. «Қазтрансдор» кәсіподағынан – Кенжегүл Сауданбекова, Алтынбек Талдыбаев, Марьям Далибаева, Айнұр Сұлтанбаева. «Энргетик» салалық кәсіподағынан – Мұхтар Бекенов, Мирамгүл Науанова, Айдос Искаков. «Әуе қозғалыс қызметінің» салалық кәсіподағынан – Жанболат Баймахан, Санжар Аманчиев. «Ақпарат және байланыс» салалық кәсіподағынан – Қарлығаш Исина, Фарида Нұрахметова. «Орман өнеркәсібінің» салалық кәсіподағынан – Жеңісхан Оңалбаев, Наталья Куликова. «Геология, геодезия және картография қызметкерлері» салалық кәсіподағынан – Ғалия Мұхамеджанова. Сонымен бірге «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестінің ТОП құрамына қарасты салалық кәсіподақтың төраға мен төрайымдары да шақырылды. Атап айтар болсақ: Исламбек Омаров, Брагина Наталья Владимировна, Ыдыралиева Рая Мусақызы, Ачилова Наталья Владимировна, Мыскин Павел Анатольевич, Багаева Ляззат Стамбекқызы, Шерстнева Валентина Петровна, Ережепов Элдар Сансызбайұлы, Кисина Шолпан Қазбекқызы.
Аталмыш съезді Қазақстан Еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Рахматуллаұлы кіріспе сөз сөйлеп, сөз кезегін «Алматы кәсіподақтар одағы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестінің төрағасы Қайрат Қаратаев мырзаға берді. Қайрат Қаратайұлы съездің күн тәртібімен қаныстырып Еңбек Конфедерациясының бас хатшы қызметінің мерзімдік сайлауын тілге тиек етті. Баяндамашы жиынға қатысып отырған қонақтармен таныстырып сөз кезегін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басқарма басшысы Бағлан Берікұлы Қасенов мырзаға берді. Ол өз сөзінде: Қазақстан Еңбек Конфедерациясы мен Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің арасындағы бас келісімге сәйкес әлеуметтің жағдайын жақсартуға байланысты бірқатар жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Алдағы уақытта осы қарқында ынтымақтастық аясында жұмыс жүре беретініне сенім білдірді. Сонан соң сөз келегі баяндамашыларға берілді. Аз-кем үзілістен соң кәсіподақ саласында үздіксіз еңбек еткен белсенділерді марапаттау рәсімі болып өтті. Аталмыш шараның барысында Қазақстан Еңбек Конфедерациясының бас хатшы мерзімдік кезеңі таяған соң қайта сайлау амалдары қарастырылды. Қазақстан Еңбек Конфедерациясы осы кезге дейінгі жұмыстарын саралай келе бас хатшы Мұрат Машкенов мырзаны келесі кезеңге өткізу бойынша жиынға қатысушылар дауыс берді. Съезге қатысушылар Мұрат Рахматуллаұлының кандидатурасы бірауыздан қолдап, қайта сайлады. Кәсіподақ белсенділері бас хатшыға өздерінің құттықтауларын жеткізіп, үлкен үміт артты. Съезді соңында кәсіподақ белсенділері естелікке суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
