Кәсіподақтар тұрақтылықтың кепілі
Алматы облысы Шонжы аудандағы барлық білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар мен зейнеткерлерді кәсіподақтар күні қарсаңында «Алматы облысы оқу-ағарту және бюджеттік қызметкерлердің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрағасы Кәрібай Қожағұл «Кәсіподақтар татулықтың тірегі» атты ұйымдастырылған іс-шараға шақырып, кәсіподақ мүшелерін мерейлі мерекелерімен құттықтап гүл шоқтарын ұсынды. Сонымен қатар еңбегімен еленген белсенділерге мадақтамалар мен марапаттар табысталды. Ел ертеңіне адал қызмет еткен абзал жандар лайықты бағаланып жатқаны қуантады. Кәсіподақтардың негізгі мақсаты – еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қадағалау, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімдер мен құқықтық негіздерді сақтау. Ұстаздар қызмет барысында салауатты өмір салтын ұстанып, өскіндерге үлгі-өнге көрсетіп, заман талаптарына сай білім беріп келеді. Білім нарығында бәсекелестікке түсіп жүрген білімдар ұстаздар білім алушыларға бағыт-бағдар беруші екені даусыз. Сондықтан мұғалімдерге құрмет көрсету азаматтық борышымыз болып қала бермек. Кәсіподақтар қоғамдағы тұрақтылыққа өз үлесін қосып келеді. Кәсіподақ қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етіп келе жатқаны сөзімізге дәлел бола алады. Ұымдастырылған шара барысында Кәрібай Ізбасарұлы мұғалімдерге ізгі тілегін білдіріп, барша кәсіподақ мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.
Қайрат СЕМБІҰЛЫ
