Сырлы сұхбаттар
Бағлан Берікұлы Қасенов:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басқарма басшысы:
— Бағлан Берікұлы бүгінгі 2002-2025 кәсіподақтардың Республикалық бірлестігі «Қазақстан Еңбек Конфедерациясы» 3-ші съезіннен алған әсеріңізбен ой бөліссеңіз.
— Мұндай алқалы жиынның әлеуметке берері көп деп ойлаймын. Бүгінгі басқосуымыздан келелі кездесуіміз кемелді болып, кешенді мәселелер шешімін табады деп үміттенемін. Қазақстан Еңбек конфедерациясы мен Еңбек және әлеуметтік әріптестік басқармасы өзара қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқаны баршаға мәлім. Ал, әлеуметтік әріптестік бар жерде қызмет алға қарай ілгерлейді. Еңбек кодексінде кәсіподақтың бекітілген заңнамалары бар, оны бәріміз жақсы білеміз. Осыған сәйкес екі тарап заңнама аясында белгілі бір деңгейде әркеттесіп келеді. Бұл нені білдіреді?! Бұл ынтымақтастықтың белгісі деп білемін. Ал, ынтымақтастық бар жерде береке болатыны сөзсіз. Жұмыс жағдайы жасалған жерде қызметтік жоспардың нәтижесі айқын көрінеді. Кәсіподақ – жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы «алтын көпір» деген тәмсіл сөз бар. Кәсіподақ ұйымы еңбекшілер қауымының мұң-мұқтаждары үшін күресетін қоғамдық ұйым. Мұндай ұйымдар әлемнің кез келген елдерінде бар. Біздің елдегі кәсіподақшылар да жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етіп келе жатыр. Қоғамда халыққа қызмет етіп жатқан қандай да бір нысандардың жетістіктері мен кемшін тұстары болатыны белгілі. Міне, осындай олқылықтарды біздің кәсіподақ ұйымдары құзырлы орындармен бірлесе отырып шешуге тырысады. Бұл өте дұрыс ұстаным, қалыпты қағида деп білемін. Біздер дөңгелек үстелде жиі басқосып, ортақ мәселелерді талқылап, оның тиімді шешу жолдарын талқы таразасына тартамыз. Әрине, мәселелер түйіні өздігінен бірден тарқатыла кетпейді, оған уақыт төреші. Өмірден түйген тәжірибемізге сүйене отырып, жұмыс жоспарымызды кезең-кезеңімен атқаруға тырысамыз. Қазақстан Еңбек Конфедерациясымен бірлескен бас келісім бар екенін жоғарыда айтып кеттім. Осы келісім бойынша қоғамдағы қордаланып қалған мәселелерді шешуге әрекет жасап жатырмыз.
— Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұқара халыққа арналған басты бағыттарын тілге тиек ете кетсеңіз?!
— Еңбек министрлігінің басты бағыттарының бірі де бірегейі де халықтың әлауқатын арттыру болып табылады. Осыған сәйкес жергілікті құзырлы орындармен бірлесе отырып, қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Әлеуметтің әлеуетіне қатысты ешқандай мәселе жоқ деп айтсам, ол өтірік айтқандық болар еді, мәселелер жоқ емес бар, олар шешілу үстінде. Күн тәртібіне шыққан мәселелер әлемдік үлгіқалыпқа сәйкес шешімін тауып жатыр. Халықты жұмыспен қатму, еңбекақы мәселесі, көнкөріс мөлшерін белгілі бір деңгейге көтеру, еңбек қауіпсіздігі, кәсіпшілерге қолайлы жағдай жасау және тағыда басқа сол сияқты көптеген кезек күттірмейтін мәселелер жетіп артылады. Қазақстан Еңбек конфедерациясымен бас келісім аясында атқаратын жұмыстар көп, оны алдағы уақыт еншісіне қалдырайық. Кәсіподақ ұйымдары еңбекшілердің өкілі болса, бұхаралық ақпарат құралдыры көтерілген мәселелердің шашауын шығармай билікке жеткізу және оның орындалу барысын басты назарда ұстау. Сіз болып, біз болып халықтың әлауқатын арттыруға күш салуымыз керек.
Жеңісхан Раушанбекұлы Оңалбаев:
«Орман өнеркәсібі қызметкерлерінің» салалық кәсіподақ төрағасы.
— Жеңісхан Раушанбекұлы бүгін сіз 80 жасқа толып жатыр екенсіз, деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс тілей отырып, жүз жасаңыз деген ізгі тілегімді қабыл алыңыз. «Өмірді сүргеннен емес, өмірді түсінгеннен сұра… »-деген дана халқымыз. Сіз осы кәсіподақ саласында көпті көрген ақсақалсыз, ардақты ардагерсіз, сіздің ақыл кеңесіңіз жас мамандарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын. Сол себепті сізге бір сауал қоюдың реті келіп тұр. Осындай съездер бізге керек те шығар, әйтседе ара-тұра алқалы жиын өткізудің қаншылықты маңызы бар?!
— Мерейжасыма орай айтылған ыстық ықыласыңызға, жылы лебізіңе мыңда бір рахмет! Қойған сұрағыңызды естідім, төркінін түсіндім. Иә, бейресми сарапшылар: «Мұндай жиындарды бос сөз, құр далбаса» деп жатады. Қағаз жүзінде бәрі жақсы, іс жүзінде атқарылып жатқан жұмыстар жоқтың қасында деген сөздер де жиі айтылады. Ал, енді бұл мәселенің екінші жағын алып қарайтын болсақ, мұндай алқалы жиындарды өткізу керек деп есептеймін. Неге?! Өйткені, ортақ мәселелерді талқылап, сана сүзгісінен өткізіп, оңтайлы шешім шығару үшін бір үстелде басқосу аса қажет. Қазақстан Еңбек конфедерациясының төрағасы Мұрат Рахматуллаұлы қандай жақсы баяндама жасады. Еңбекшілер қауымының мәселесін көтеріп өкілетті орындарға талаптар қойып, жақсы нәтижелерге қол жеткізгеніне куә болдық. Біз мұнымен шектелмейміз, алдағы уақытта да ел игілігі үшін аянбай еңбек ететін боламыз. Сіз қаламгер болған соң осындай сындарлы сұрақ қою сіздің табиғатыңызға тән құбылыс. Өмір ағымы бірсарынды болмай сыни тұрғыда ойлай білетін азаматтардың да болғаны жақсы. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген қағиданы естен шығармауымыз керек. Көшбасшы болған соң көпшілік алдына есеп беру міндет болып қала бермек.
— Еліміздегі кәсіподақшылардың кәсіби ұстанымдарына көңіліңіз тола ма?!
— Бұл сауалға «иә немесе жоқ» деп ешкім жауап бере алмайды. Өйткені бұл күрделі сауал. Біздің елдегі қоғамдық ұйымдарды өркениетті елдердің ұйымдарымен салыстыруға келмейді. Біз дамушы елміз. Сондықтан өзіміздің кемшін тұстарымыз да жеткен жетістіктеріміз де баршылық. Осы жиынға қатынасқан кәсіподақ белсенділері өзерінің ұстанымдарын бір арнға тоғыстырды. Бұл бірлікті білдірсе керекті. Менің өмірден түйгенім: «Неғұрлым жан-жақты болсақ, соғырлым өмір сүру жеңіл болмақ». Қандай мәселе болса да біржақты қарауға болмайды. Асығыс шешім шығару кәсібиліктің жетіспейтінін аңғартады. Ойласып, кеңесіп бір байламға келсек алынбайтын қамал қалмайды.
— Енді сіз басқарып отырған салаға қатысты бір сұрақ қоюға рұқсат етіңіз. Қазіргі таңда орман шаруашылығы кім-кімді де болса бей-жай қалдырмайды. Сізді алаңдатып отырған мәселе қайсы?!
— Мені алаңдатып отырған өрт мәселесі. «Өрт, тілсіз жау» деп бекер айтпаған. Табиғат аясында демалушылардың салғырттығынан өрт мәселесі өршіп тұр. Оны күнделікті бұхаралық ақпарат құралдарынан көріп, біліп отырмыз. Серуендеушілер мен саяхаттаушыларға айтарым өрт мәселесіне мұхият берсеңіздер екен. Жасыл желегімізді аялап, қолда бар қазынамыздың қадыр қасиетін бағалай білейік. Орманның адам ағзасына берері мол, табиғатқа да пайдасы ұшан-теңіз. Орманнан алынатын өнімді айту өз алдына бөлек әңгіме. Ал, енді сол орман тоғайларымызды қорғау бізбен сіздің ортақ міндетіміз. Орман шаруашылығының мәселелері бұрында болған, қазірде жоқ емес. Әйтседе аталмыш мәселелерді кезең-кезеңмен шешіп келе жатырмыз. Заманға сай құрылған жүйелі жоспарларымыз да бар, соны жүзеге асыру үшін талаптанып жатырмыз.
Асан Жұмаханұлы ОМАШЕВ:
«Алматы облысының оқу-ағарту және бюджеттік ұйымдары қазметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
— Асан Жұмаханұлы бүгінгі жоспарлы жүздесу Қазақстан Еңбек конфедерациясының атқарған жұмыстары мен алдағы уақытта қаралатын мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіді. Тәжірибелі маман ретінде қандай қорытынды жасадыңыз?! Қабылданған шешімдерге алып-қосарыңыз бар ма?!
— Білім саласының өкілі болғандықтан жүйелі жоспардағы біліктілікке баса назар аудардым. Өте сауатты ұйымдастырылған іс-шара болды деп сенімді түрде айта аламын. Оқылған баяндамалар мен қабылданған шешімдерде де әлки бір шикіліктер байқалмады. Сізде тіл маманысыз, менің бұл пікіріме қосыласыз деп ойлаймын. Ал, енді қандай қорытыныды жасадыңыз деген сауалыңызға келсек, бұл жерде кәсіподақшылардың бірлігі анық байқалды. Көшбасшыны сайлауда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» сөзіме дәлел бола алады. Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер алдағы күннің еншісінде десекте, осы бастан қамдансақ қапы қалмаймыз. Кәсіподақ қызметіне өз үлесін қосып жүрген белсенділер де марапатталды. Қызметкерлерге көрсетілген бұл құрмет қошеметтер белсенділерді ынталандырып қана қоймай, жаңа жарқын тың ойларға жетелейді деген ойдамын.
— Білім саласында да жаңа Қарарлар қабылданып қолданысқа беріліп жатыр. Қабылданған Қаулылар білім саласындағы мәселелерді түбегейлі шешіп тастамаса да бір серпін беретін шығар?! Қалай ойлайсыз?!
— Әлбетте. Мұның бәрі сана сүзгісінен өтіп, тиянақты қабылданған шешімдер. Серпін беріп қана қоймай, жарқын ойларға жол ашады. Алдағы уақытта білім ошақтарындағы олықылықтар жойылып, қатаң тәртіп орнайды. Тәртіп бар жерде талап болады, ал, талап бар жерде бәсекелестік салтанат құратыны сөзсіз. Бәсекелестік дегеніміз не?! Бәсекелестік білім деңгейінің көрсеткіші ғана емес, жаңа көзқарастың жарқыншағы деп білемін. Енді білім алушылар да, білім берушілер де тәртіптің шеңберінен шыға алмайды. Бұл дамыған елдердің дара ұстанымы, парасатты үлгіқалпы екені айтпасада белгілі. Біз ұлттық үрдісіміге сай келетін тәлім тәрбие мен біліктілікке негізделген дүниелерді ғана алып, қолданысқа енгізуіміз керек. Сонда ғана білім өз жемісін береді.
Алтынбек Мұқанбекұлы ТАЛДЫБАЕВ:
«Көлік-жолы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы кешені және аралас салалар ұйымының төрағасы.
— Алтынбек Мұқанбекұлы бүгінгі мінберде оқылған кәсіподақ мүшелерінің баяндамаларын тыңдадыңыз, алып-қосарыңыз бар ма?!
— Кәсіподақшылар өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісіп, алдығы жұмыс жоспарларын талқылады. Осы кезге дейін атқарылған ауқымды жұмыстар көңілден шығатыны рас, енді осы қарқынмен қызметімізді жалғастыра беруіміз керек. Бұл іс-шараға Біріккен кәсіподақтар қауымдастығы, тәуелсіз мемлекеттер достастығының кәсіподақ мүшелері де қатысты. Соның ішінде Мәскеу қаласынан келген құрметті қонақтар бар екенін айта кеткен жөн. Алматы кәсіподақтар одағы кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің төрағасы Қ.Қаратаев мырза қазақтың қаймағы бұзылмаған қасиетті дәстүрін сақтай отырып, қонақжайлық танытып Мәскеуден келген миман кәсіподақ ұйымының орынбасары Маргарита ханымға сөз берді. Ол өз сөзінде: «Қазақстан Еңбек Конфедерациясының жұмысына оң баға беремін. Неге?! Өйткені, еңбек ұйымы ортақ мәселені шешуге, кәсіподақ белсенділері тәжірибе алмасуға, қоғамдағы кешенді жұмыстарды жүзге асыруға, ең бастысы халықтар достастығының мызғымас беріктігін сақтауға айтарлықтай үлес қосып келе жатыр. Алдағы уақытта да осы достастығымызды дамыта түсіп, кәсіподақ жұмысын заманға сай жетілдіре береміз» деді, баяндамашы. Одан бөлек осы жиынға қатысқан басқада кәсіподақ белсенділері жарыссөзге шығып, өздерінің ой-пікірлері мен ұтымды ұстанымдарын айтып, кездесудің көркін қыздыра түскенін өзіңізде көрдіңіз.
— Қазақстан Еңбек Конфедерациясымен әлеуметтік әріптестік орнатқан ұйымдардың қарым-қатынасы туралы не айтасыз?!
— Қазақстан Еңбек Конфедерациясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен әріптестік аясында кешенді жұмыстар жүзеге асып жатыр. Әріптестік әрекет өзінің жемісін беріп қана қоймай, алдағы жарқын күндерге кепіл болып отырғаны қуантады. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басқарма басшысы Бағлан Берікұлы баяндама жасап әріптестік қызмет әлеуметтің әл-ауқатын арттыуға септігін тигізетінін тілге тиек етті. Қазақстан Еңбек Конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Машкенов мырзаның да еселі еңбегі бар екенін естен шығармайық. Осы алқалы жиынға қатысушылар бас хатшыны келесі бес жылдық мерзімге қайта сайлау жөнінде бастама көтеріп, бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Бұл нені білдіреді?! Бұл бас хатшының кәсіби маман екенінің айқын көрінісі деп білемін.
Жанболат Ерболатұлы Баймахан:
«Әуе қозғалыс қызметінің» кәсіподақ төрағасы:
— Жанболат Ерболатұлы съезден өзіңізге не алдыңыз және болашақта не бересіз?! Жалпы жас маман ретінде осы іс-шара туралы не айтасыз?!
— Кәсіподақ қызметіне келгеніме аса көп уақыт бола қойған жоқ. Екі үш жылдың төңірегі ғана болды. Біздің ұйымда үш мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар. Мүшелердің жеке дара пікір пайымын тыңдай берсеңіз, әркім әр жаққа тартады. Сондықтан бір арнаға тоғыстыру керектігін түсіндім. Қазіргі таңда кәсіподақ мүшелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нәтиже жаман емес. Ең бастысы кәсіподақ жеткешсісі ұйытқы бола білуі керек. Осы бағыттағы жұмысты қолға алдық. Бұл менің қатысып отырған бірінші съезім. Әйтседе, біраз нәрседен хабардар болдым. Кәсіподақ жеткешілері мен белсенділері басқосқан берекелі жиын менің тәжірибе алмасуыма өзінің септігін тигізді. Мінберде оқылған баяндамалардан кәсіподақ қызметінің бағыт бағдары мен жүйелі жұмыстары айқын көрінді. Жергілікті құзырлы орындармен әлеуметтік әріптестік орнатудың маңыздылығына тағы бір мәрте көз жеткіздім. Білікті мамандармен байланыс орнатып жатырмыз, бізде өзіміздің ұстанымдарымызбен алдағы уақытта биік белестерден бой көрсетеміз деген ойдамын.
— Қазақ әуежайында да айтарлықтай мәселелер бар. Мәселен әуе кемесін жүргізушілердің басым көпшілігі сыраттан келеді, прот серіктерінің мәселесі, тозығы жеткен ұшақтар, қосалқы бөлшектер, жыл сайын оқу орындарын бітіретін түлектердің жұмыссыз жүруі тағысын тағы айта берсе толып жатыр. Осы мәселелерді реттеуге қатысты кәсіподақтың үлес салмағы қандай?!
— Мен жас маманмын. Бұл сұрақтарды өмір белестерінен өтіп тәжірибе жинақтаған ардагерлерге қою керек шығар деп ойлаймын. Әрине, сіз көтеріп отырған мәселелер өте орынды. Бұл мәселелер бұрын болған, қазір күн тәртібінде тұр деп айта алмаймын. Десекте, азамат ретінде өзімнің ой пікірімді білдіруге құқығым бар. Мұндай ауқымды мәселелер мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс. Менің алдымдағы кәсіподақ төрағалары да талай түйткілді мәселелерді шешуге себепкер болды. Менде шама-шарқымша халыққа адал қызмет ететін боламын. Әуе кемелерін жүргізушілер қазіргі таңда аса көп сырттан тартыла бермейді, өзімізде де ұшқыштар жетіп артылады. Бұл мәселе оңтайлы шешіліп келе жатыр. Порт серіктерінің де мәселесі бірізділікке түсті, әлемдік талаптарға сай келеді. Ал, түлектерді жұмыспен қамту құзырлы орындар еншісінде. Бұлда көп ұзамай өз шешімін табады деп үміттенімін.
Сұхбатты жүргізген –
Қайрат АҒЫБЕРГЕН
