Шонжыдағы шахмат ойыны тартысты өтті
Үстіміздегі жылы тамыз айында аудан орталығы Шонжы ауылында мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттың шахмат түрінен аудандық сайыс болып өтті. Аталмыш шараны «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы Ербол Нұрсейтұлы Нұрсейтов ұйымдастырды. Бұл дүбірлі додаға Шахмат федерациясы Ұйғыр аудандық филиалының бас төрешісі Т.Кадыров қазылық етті. Тартысты өткен сайыста аудан әкімшілігінің «автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі» бөлімінің маманы Р.Исмаилов 1-ші, Үлкен Ақсу ауылдық округінің маманы Р.Юсупов 2-ші, Сүмбе және Қалжат ауылдық округтерінен келген У.Еділ мен Д.Баратов 3-ші орындарды иеледі. Аудандық филиалдың төрағасы Е.Нұрсейтов жүлделі орын иегерлері мен барлық қатысушыларды аудандық филиалдың атынан алғыс хатпен марапаттап, алдағы уақытта да осындай белсенділік танытуға шақырды. Сайысқа қатысушылар түскі аспен қамтамасыз етіліп, сайыс соңынан естелік суреттерге түсіп тарқасты.
Ербол Нұрсейтұлы Нұрсейтов,
Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы.
