Новости

Көлік қызметкерлерінің мерейлі мерекесі құтты болсын!

Алтынбек Талдыбаев, «Көлік жол кешені аралас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Алматы филиалы, Алматы электркөлік кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Кәсіподақ жұмысының ауқымы өте кең, кәзіргі таңда қызметтік шаралардың басым көпшілігі өз қалпына түсіп, заман талаптарына сай заңдылықтар реттелген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды көрген адамдар мұны жақсы біледі. Автобус троллейбус жүргізушілері жұмысшылар үш-төрт ай жалақыларын ала алмай  сергелеңге түскен сол күндерді әлі ұмыта қойған жоқ. Билік басындағыларға сол кезде сүйкімі кеткен кәсіподақ ұйымы болды. Автобус паркі алдына жиналып, жанайқайларын білдірген  қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалғыз жанашыры  біз едік. Әрқилы ескертулермен  қорқыту, үркітулерді де бастан өткердік. Біз сонда да өз дегенімізге жетпей қоймадық. Жүргізушілердің еңбек ақыларын өзгерттік. Қазіргі жастар үшін күлкілі болып көрінер, бірақ бұл шыңдық. Қарапайым еңбек адамына түсер қиындықты  жеңілдетуде. Еңбек заңдылықтарын, қауыпсіздік ережелерін сақтауды  талап еттік. Еліміз еркіндік алып, іргесі бекігелі қарапайым автобус-троллейбус  жүргізушілері жұмысшылар кәсіподаққа  сенім арта түсуде. Қазіргі таңда автобус-троллейбус паркінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста жүрміз, олардың  беделін арттыру және де кәсіби мүдделерін, әлуметтік-еңбек құқықтарын қорғаймыз. Мұнда тек өткізетін шаралармен, әр түрлі спорттық  жарыстармен  шектеліп қалмаймыз. Еңбек демалыс кезінде Алакөл, Қонаев көлдеріндегі емдеу-сауықтыру орындарына демалуға жібереміз. Өмір болған сон әртүрлі жағдайларға тап болып жататын сәттер кездесіп қалады. Ондай жағдайда қайрымдылық, жанашырлық танытып қаржылай көмек көрсетеміз. Бүгінгі күнде Алматыэлектркөлік ұжымында 3200 кәсіподақ мүшесі бар. Өзімнің өмірім түгелдей кәсіподақпен байланысты. Алғаш 1985 жылы жүргізушілер даяарлау айлық курсты бітіріп, қоғамдық көлік жүргізушісі мамандығын игердім. Жүргізушіден өмір жолын бастадым. 2005 жылы Алматыэлектротранс ұжымының конференциясында кәсіподақ көшбасшысы болып сайландым, содан бері қаншама уақыт өтті. Қоғамдық өзгерістер мен тәуелсіз еліміздің жаңадан қадам басқан сәтінен бері осы ұйымды басқарып келемін. Әртүрі жағдайлармен бетпе-бет келдік. Бірақ солардың бәрінен абыроймен шықтық. Кәсіподақтың негізгі міндеті – қарамағындағы жұмысшылардың құқығын қорғау. Жұмысшы автобус троллейбус жүргізушілері ең алдымен өз құқығын білуі керек. Мәліметке жүгінер болсақ, кәсіподақ ұйымының араласуының арқасында еңбек даулары 2,5 есеге дейін  азайған. 3-ші тамыз «Көлік қызметкерлері күні» болып белгіленіп аталып келеді. ЖШС «Алматыэлектркөлік» ұжымындағы кәсіподақ мүшелерін осы айтулы күндерімен шын жүректен құттықтаймын. Біз бірлесе отырып кәсіподақтың абыройын асқақтатып беделін көтереміз.