Новости

Кәсіподақ жұмысын заманға сай ұйымдастыру қажет!

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі он үш бағытта баяндалды. Олардың ішінде негізінде біздің облысқа байланысты Алатау қаласына үкіметке тікелей бағынатын ерекше мәртебеге ие болады. Қала салынса жұмыс орындары ашылып, әріптестеріміздің кәсіподақ мүшелері көбейетініне қуанарлықтай мүмкіншілік туатынына сенімдеміз. Қазақстан бойынша ең жасанды интеллект және цифрлық даму бойынша алғашқы қала болады. Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру нығайту жөніне, кәсіподақ қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, әлеуметтік әділдікке жетуге ықпал ететін қоғамдық ұйым. Ол еңбек ұжымының бірлігін нығайтып, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Кәсіподақ жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін ең алдымен ұжым мүшелерінің белсенділігі мен ынтымақтығы қажет:

Қызметкерлердің әлеуметтік еңбек құқықтарын қорғау; Еңбек жағдайын жақсарту және қауыпсіздігін қамтамасыз ету; Әділ еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізу; Ұжымдық келісім-шарттарды жасау және олардың орындалуын бақылау; Мәдени бұқаралық және тәрбиелік шараларды өткізу.

Кәсіподақты нығайтудың басты тетігі – жұмысшылардың сенімі мен қолдауына ие болу. Ол үшін ұйым ашықтықты, әділдікті сақтап, әр қызметкердің ұсынысы мен пікіріне құлақ асуы тиіс. Сонымен қатар, кәсіподақ өз мүшелерін ақпаратпен қамтамасыз етіп, құқықтық көмек көрсетуі маңызды. Бүгінгі таңда кәсіподақ тек еңбек қатынастары саласында ғана емес, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық пен ынтымақтастықты дамытуда да маңызды рөл атқарады. Ұйымдасқан және мықты кәсіподақ – әрбір еңбек адамының қорғаны, әділ қоғамының кепілі.  Осы тұста, еңбек ұжымының бірлігі нығайған, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында үйлесімді қарым-қатынасы бар ұжым басшыларын атап өткім келеді: «Ұзақ өмір сүру орталығының» басшысы Сақташева Жания Көпжүрсінқызы; «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы – Косаева Лайла Абзаматқызы; Аудандық мәдениет үйінің басшысы Шаяхметов Бауыржан Тұрлығазыұлы. Осы ұжымдар қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерінің жарнасы 60 пайызды құрайды. Жалпы ауданымызда бізде 751 кәсіподақ мүшесі бар. Мекемелер саны жалпы-31. Атап айтқанда 15 ауылдық округі, 7 мемлекеттік бөлімдер, 9 мекемелер. Жарты жылдықта жиналған қаражат 10 млн 908 мыңды құрайды. Жылдың аяғына дейін кәсіподақ мүшелерін көбейтуге жұмыс жүргізілуде.

Жұман Сембайұлы Мықыбаев, Еңбекшіқазақ филиалының төрағасы.